Q Football

«Зенит» 17 жылдан кейін алғашқы айналымда төрт рет жеңілді

«Зенит» 17 жылдан кейін алғашқы айналымда төрт рет жеңілді
© Zenit

Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» Ресей премьер-лигасының алғашқы айналымында төрт рет жеңілді. Петербург клубында мұндай нәтиже соңғы рет 2009 жылы болған.

Төртінші жеңілісті «Зенитке» Қазанның «Рубині» әкелді. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңді. Қонақтардың негізгі құрамында шыққан Әліп матчты толық өткізді.

«Opta» дерегінше, «Зенит» 15 турдан кейін төрт рет соңғы рет 2009 жылы жеңілген. Сол кезде команда алғашқы айналымды Дик Адвокаттың басшылығымен аяқтап, чемпионат соңында қола медаль алған.

Биыл «Зенит» 15 турдан кейін 31 ұпаймен бірінші орында қалды. Екінші орындағы мәскеулік «Динамода» да 31 ұпай бар, бірақ ол бір матчқа аз ойнаған.

28 қарашада «Зенит» сырт алаңда ЦСКА-мен кездеседі. Ойын 18:30-да басталады.