Q Football

«Сыртқа шығайық». Бабаян «Ордабасы» - «Астана» матчынан кейінгі «арандатуға» жауап берді

«Сыртқа шығайық». Бабаян «Ордабасы» - «Астана» матчынан кейінгі «арандатуға» жауап берді
PFL KAZ

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-Лигасының 26-турында «Ордабасымен» (0:1) өткен матчтан кейін Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадиондағы газонның жағдайын сынға алды

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Григорий Бабаянға «Астананың» өз алаңындағы және қонақтағы ойынының айырмашылығы туралы сұрақ қойылды. Журналист қонақта команда ойын көрсеткіші төмендейтінін айтып, мұның себебін және алаң мәселесінің жиі көтерілуін сұрады.

Бабаян бұл сауалға жауап бере отырып, әңгімені бірден стадион газонының жағдайына бұрды. Ол сұрақ қойған адамға «алаңға шығып көрдіңіз бе?» деп қарсы сұрақ қойып, тіпті бірге барып, газонды аралап көруді ұсынды.

- Өзіңіз алаңға шығып көрдіңіз бе? Жүріңіз, бір айналып қайтайық. Сіз былай жүрсеңіз, аяғыңызды қайырып аласыз. «Тұрандағы», «Түркістан Аренадағы» жағдайдың суреттерін көрсетейін бе? Мұндайда комбинациялық футболды қалай ойнайсыздар? Бүгін «Ордабасы» бізден жақсырақ комбинациямен ойнады деп көрдіңіз бе? Меніңше, ойын шамалас болды, деңгейлес өтті, өйткені мұнда ойнау қиын, тіпті мүмкін емес. Футболшыларға сапалы алаң керек. Ал сіздер үнемі бірдеңе түртпектейсіздер, білмеймін, бәлкім хайп үшін шығар, білмеймін. Жарайды, онда қазір шығып, алаңды көрейік. Жүріңіз. Мен сізбен бірге барып қайтайын. Жүресіз бе?

ҚПЛ-де 24 матч өткізгеннен кейін «Астана» 45 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр.