«Біз 60 мың орындық стадион салуды ұйғардық. Әлі құрылыс басталған жоқ, бірақ біздің қандай адамдар екенімізді білесіздер: егер сөз бердік пе, артқа шегіну жоқ. Оның үстіне маған - әзілдеген шығар деп үміттенемін - жігіттер: «Бұл сенің идеяң болғандықтан, өзің барып тағы қосымша 20 миллиард теңге тап» деп айтып жатыр. Тіпті әкімдік бөлетін қаржыны қалдырып, кластерге өз ақшамызды қосатын боламыз», - деді Әлібеков «Бизнес-Ниндзя» YouTube-арнасының эфирінде.
Бастапқыда шамамен 21 гектар аумақтағы арена 35 000 көрерменге арналған және УЕФА-ның төртінші санатына сай келуі тиіс болатын. Бұл халықаралық деңгейдегі кездесулер мен еурокубоктардың финалдарын қабылдауға мүмкіндік береді. 2026 жылдың жазында қала билігі мен құрылыс басқармасы жобалық сметаны қымбаттатпай, жоспарлауды өзгерту арқылы сыйымдылықты 55-60 мың орынға дейін арттыру нұсқасын қарастыра бастады.
Егер жаңартылған жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, ФИФА талаптарына сәйкестігін растаса, «Ордабасының» жаңа аренасы Қазақстандағы ең үлкен стадионға айналады.
