Инсайдер Эльдар Аманбаев өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, лиссабондық клубтың скауттары 19 жастағы вингердің биылғы маусымдағы ойынына қатысты толық есеп дайындап жатыр.
Әмір биылғы ҚПЛ маусымының басты жаңалықтарының біріне айналды. Жас футболшы «Ордабасының» негізгі құрамынан берік орын алып, шымкенттік клуб сапында барлық турнирде 34 матч өткізіп, 11 гол соқты. Сонымен қатар оның еншісінде 8 нәтижелі пас бар.
Биыл вингер Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, ұлттық құрама сапында дебют жасады. Футболшының басты ерекшелігі – әмбебаптығы. Жасұлан осы уақытқа дейін орталық қорғаушы мен сол қапталдағы қорғаушыдан бастап, тірек жартылай қорғаушысы мен шабуылшыға дейінгі он түрлі позицияда өнер көрсетіп үлгерді.
