Q Football

Сұлтан Бусурманов «Тобылдың» үздік гвардияшыларының сегіздігіне енді

Сұлтан Бусурманов «Тобылдың» үздік гвардияшыларының сегіздігіне енді

Сары-жасылдардың тәжірибелі қақпашысы еліміздің жоғарғы дивизионындағы матчтарға шығу көрсеткіші бойынша команда көшбасшыларының үздік сегіздігіне кіріп, мансабындағы жаңа белесті бағындырды.

Клуб түлегінің бұл жолдағы алғашқы қадамы осыдан он бір жыл бұрынғы жеңісті ойыннан басталған еді: 2015 жылдың көктемінде Затоболда ол қызылордалықтарға қарсы кездесуде толық тоқсан минут өнер көрсетіп, қақпасына доп дарытпады. Содан бері оның кәсіби тағдыры осы ұжыммен тығыз байланысып келеді. Он екі маусым ішінде ол элитада 42 ресми матч өткізіп, өз қақпасына 56 гол жіберіп алды.

Клубтың Премьер-лигадағы бүкіл тарихында қостанайлық ұжымның бапкерлері соңғы шепті барлығы 28 түрлі қақпашыға сеніп тапсырған.