Қонақтар Бақдәулет Зүлфиқаровтың дублінен кейін жеңіске жақын болды.
Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Артур Шушеначев 17-минутта есеп ашты, алайда үзіліске дейін қонақтардың шабуылшысы 24 және 43-минуттарда екі рет мергендік танытты. Екі гол да Котаро Кишидің нәтижелі пасынан кейін соғылды.
«Ұлытау» финалдық ысқырыққа дейін есеп басымдығын сақтап тұрды, бірақ 90+5-минутта Темірлан Ерланов гол соғып, қорытынды есепті белгіледі
