Q Football

«Тұран» ұлттық құрама ойыншыларын қатарына қосуды көздеп отыр

«Тұран» ұлттық құрама ойыншыларын қатарына қосуды көздеп отыр

Түркістандық «Тұран» құрамын едәуір күшейтуді жоспарлап, Қазақстан ұлттық құрамасының бірқатар футболшысына қызығушылық танытып отыр

Дереккөз мәліметінше, клубтың трансферлік тізімінде Бауыржан Исламхан, Мұхамеджан Сейсен, Ғалымжан Кенжебек, Асхат Тағыберген, Темірлан Ерланов және Арсен Әшірбек бар. Дегенмен командаға шақырылуы мүмкін ойыншылардың қатары мұнымен шектелмейді.

Мұндай деңгейдегі футболшыларға қызығушылық таныту «Тұранның» алдағы маусымға үлкен мақсат қойып отырғанын аңғартады.