Клубқа иелік ететін Integra Construction KZ компаниясы бұрынғы мердігермен келісімге келіп, жобаны түбегейлі қайта қарады: бастапқыда 35 мың орынға жоспарланған жұмыс атауы «Altyn Orda Stadium» заманауи кешені енді 60 мың жанкүйерді қабылдай алады деп хабарлайды AmanVIBE.
Бұл ауқымды құрылыс команданың ел чемпионатындағы сенімді өнері аясында өрбіп жатыр. ҚПЛ-2026 маусымының 20 турының қорытындысы бойынша оңтүстіктіктер турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр, олар жақын қуғыншы алматылық «Қайраттан» бір ұпайға алда.
«Ордабасы» Орталық Азиядағы ең үлкен аренаны салады

Клуб иесі құрылысты өз қолына алып, «Altyn Orda Stadium» сыйымдылығын 60 мың көрерменге дейін ұлғайтты