Q Football

«Тобыл» меншік иесі ауысқаннан кейін жаңа президентке ие болды

«Тобыл» меншік иесі ауысқаннан кейін жаңа президентке ие болды
PFL KAZ

«Тобыл» футбол клубы президент қызметіне Olzha Agro компаниясының бас директорының қазіргі кеңесшісі Айдос Акадилович Дүйсенбиевтің тағайындалғанын жариялады. Клуб бұл ақпаратты инстаграмдағы ресми парақшасында хабарлады.

Кеше «Тобыл» ресми түрде кәсіпкер Әлішер Қожаназаровтың меншігіне өткен еді. Бұл жөнінде Қостанай қаласы әкімдігі өкілдері қатысқан брифингте айтылды.

Еске салайық, 4 наурызда «Тобыл» клубтың миллиардер Шұхрат Ибраһимовтың меншігіне өтетінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Басқаруды миллиардерге беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіби спортты коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қабылданған. Алайда мамыр айында келіссөздердің соңғы кезеңінде туындаған қиындықтарға байланысты мәміле жүзеге аспай, клубтың Ибраһимовтің бақылауына толық өтуі аяқталмай қалды.

ҚПЛ-дың 25 турынан кейін «Тобылдың» қоржынында 34 ұпай бар. Қостанайлық команда турнир кестесінде жетінші орында келеді.