Q Football

ҚПЛ клубының жаңа иесі «Қайратты» жеңгені үшін 30 миллион төлейді

ҚПЛ клубының жаңа иесі «Қайратты» жеңгені үшін 30 миллион төлейді
Getty Images

Айта кетейік, ҚПЛ-дің 26-туры аясында «Тобыл» сырт алаңда «Қайратты» сенсациялық түрде 4:1 есебімен жеңген болатын

«Мұндай жетістіктерді басшылық, құрылтайшылар міндетті түрде атап өтуі керек. Сол себепті біз кеше-ақ командаға 30 миллион теңге сыйақы берілетінін бірден, сол жерде жарияладық.

Оны түсірген жоқпыз, әрине, жігіттердің киім ауыстыратын бөлмесінде қуаныш көп болды. Бірақ бұл өте маңызды. Өйткені жігіттер барын салып ойнағанда... Мүмкін, осы тұста мемлекеттік басқару мен жеке бизнестің айырмашылығы көрінетін шығар. Бұл - сын емес, жай ғана мемлекеттік басқарудың түрлі салаға бірдей алаңдайтынын айтқым келеді. Ал жеке бизнес келгенде, осындай ұсақ-түйекке дейін түсініп, мән береді», - деді кәсіпкер.

Бұған дейін «Тобылдың» ресми түрде Ходжаназаровтың меншігіне өткені хабарланған. Қостанай әкімдігі өкілдері қатысқан брифингте клубтың жаңа президенті де таныстырылды: бұл қызметке Ходжаназаровтың кеңесшісі Айдос Дүйсенбиев тағайындалды.