Q Football

ҚПЛ күнтізбесі қайта қаралды: маусымның мәресі мен Кубок финалының жаңа кестесі белгілі болды

ҚПЛ күнтізбесі қайта қаралды: маусымның мәресі мен Кубок финалының жаңа кестесі белгілі болды
©️sports.ru

Құрылтай сайлауына байланысты футбол басшылығы күзге жоспарланған шешуші ойындардың кестесін толығымен өзгертуге мәжбүр болды

Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лиганың шешуші кездесулері мен ел Кубогы финалының жаңартылған күнтізбесін бекітті. Өзгерістер 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына байланысты 23-турдың 17–18 қазанға ауыстырылуынан туындап отыр.

Регламент талабына сәйкес соңғы турлар бірінен соң бірі өтуі тиіс болғандықтан, 29-тур 24–25 қазанға ысырылды. ҚПЛ-ның шешуші, 30-туры 1 қарашада өтеді — дәл осы күні Қазақстанның 2026 жылғы маусымдағы чемпионаты ресми түрде аяқталады.

Чемпионат кестесінің өзгеруі Қазақстан Кубогының финалына да әсер етті. Турнирдің басты матчы 25 қазаннан 7 қарашаға ауыстырылды, ал оның қатысушылары жартылай финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша анықталады.