Q Football

«Ақтөбе» халықаралық жанжалға тап болды: танымал еуропалық бапкерге гонорары төленбеген

«Ақтөбе» халықаралық жанжалға тап болды: танымал еуропалық бапкерге гонорары төленбеген
©️offside.kz

Томас Гроннемарк елеусіз қалған келісімшарт пен «ақ-қызылдар» басшылығының түсініксіз әрекеті туралы мәлімдеді

Қазақстандық «Ақтөбе» атышулы даудың ортасында қалды. Аут лақтыру жөніндегі танымал даниялық маман Томас Гроннемарк клубтың Түркиядағы ақпан айындағы оқу-жаттығу жиындарында атқарған жұмысы үшін әлі күнге дейін есептеспегенін айтты.

50 жастағы бапкердің айтуынша, оның қолында айтарлықтай төмендетілген жалақы көрсетілген ресми қол қойылған келісімшарт бар. Дегенмен, ақтөбеліктердің менеджменті алдымен келісімнің барын жоққа шығарған, кейін маманды заңгерге бағыттады, ал ол көп ұзамай жұмыстан босап кетті, соңында клуб өкілдері мүлдем байланысқа шығуды тоқтатты.

Гроннемарк әлемдік футболдағы 22 жылдық мансабында мұндай жауапсыздықпен алғаш рет кезігіп отырғанын атап өтті. Бейресми мәліметтерге сәйкес, «Ақтөбеліктердің» даниялық маманға қарызы шамамен бес мың долларды құрайды.