Кездесуде есепті қонақтар ашты. 12-минутта Ноа Ндомбази мергендігімен көзге түсіп, «Каспийді» алға шығарды. Үзіліске дейін ақтаулық команда осы басымдықты сақтап қалды.
Екінші таймда алаң иелері ойын тізгінін қолға алды. 53-минутта Жан Морель По есепті теңестірсе, араға алты минут салып Юши Шимамура «Ертісті» алға шығарды. Алайда «Каспий» де берілмей, Павел Седьконың дәл орындаған пенальтиі арқылы таразы басын қайта теңестірді.
Матч аяқталуға жақындағанда төреші павлодарлықтардың пайдасына тағы бір пенальти белгіледі. 104-минутта Жан Морель По он бір метрлік айып добын сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Осы жеңістен кейін «Ертіс» 17 ұпайға жеткенімен, турнир кестесінің соңғы орнында қалып отыр. Ал «Каспийдің» еншісінде 21 ұпай бар және команда кестенің орта тұсында орналасқан.
