«Қайсар» басшылығы Дмитрий Карповты бас бапкер міндетін атқарушы қызметінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар 60 жастағы Асқар Қожабергенов жаттықтырушы-кеңесші ретінде бапкерлер штабына қосылады.
Бұл шешім КПЛ-дің 26-туры аясында «Атырауды» жеңгеннен кейін қабылданған. Осылайша, клуб әзірге бас бапкерді ауыстырмай, оның штабын күшейтуді жөн көрді.
Қазақстан чемпионатындағы 25 ойыннан кейін «Қайсар» 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр.
