«Озгон» «Абдыш-Атаны» 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Рамин Ахмадов 8-минутта есеп ашты, кейін Астанкулов пен Михаил Титов мергендік танытты. Үзілістен кейін Эрнандес пен Сезар Бенавидес тағы екі гол соқты.
«Токтогул» мен «Талант» 1:1 есебімен тең түсті. Мурзаков 38-минутта қонақтарды алға шығарса, екінші таймда Никита Пикус есепті теңестірді.
Турдағы ең ірі жеңіс Қаракөлде тіркелді. «Барс» «Алайды» 6:0 есебімен жеңді, ал алты голды екі футболшы өзара бөлісті. Анхель Санчес 3, 55 және 60-минуттарда, Кайрат Жыргалбек уулу 45+3, 78 және 90-минуттарда мергендік танытты. Екеуі де хет-трик жасады.
«Бишкек Сити» «Нефтчиді» 1:0 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз голды бірінші таймның соңында Баястан Боконов соқты.
«Азиягол» «Кыргызалтынды» 2:0 есебімен жеңді. Николай Прудников үзіліске дейін дубль жасап, 29 және 45+2-минуттарда гол соқты.
«Алга» «Азияны» 2:1 есебімен жеңді. Владимир Заименко 4-минутта есеп ашты, ал үзілістен кейін Бакыт Мурзалим уулу таразы басын теңестірді. 90+2-минутта Кими Мерк шешуші голдың авторы атанды.
Тур «Дордой» — «ОшМУ» — 2:2 матчымен аяқталды. Шерзодбек Кодиров пен Андрей Сидоров оштық команданы екі доп айырмасымен алға шығарды, алайда бішкектіктер кездесудің соңында есепті теңестірді. Дмитро Семенов 82-минутта гол соқса, үш минуттан кейін Олег Марчук таразы басын теңестірді.
22-турдың жеті матчында командалар 23 гол соқты. Бес кездесу бір команданың жеңісімен аяқталса, тағы екі ойында тең есеп тіркелді.
Турнир кестесі: 1. «Барс» — 46 ұпай, 2. «Алга» — 45, 3. «Озгон» — 44. Толық кесте осында
Сұрмергендер: 1. Атабаев — 16 гол, 2. Агапов — 15, 3. Карпук — 13. Толық тізім осында
Ассистенттер: 1. Атабаев — 10 ассист, 2. Жумашев — 7, 3. Жыргалбек уулу — 5. Толық тізім осында
