Q Football

Өзбек футболшысы Ресейге оралудан бас тартып, Әзербайжандағы мансабын жалғастырмақ

Өзбек футболшысы Ресейге оралудан бас тартып, Әзербайжандағы мансабын жалғастырмақ

«Сабах» жартылай қорғаушысы Умарали Рахмоналиев өзіне екі клуб қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тарағанына қарамастан, Ресей Премьер-лигасына оралуды жоспарлап отырған жоқ.

Бұған дейін 23 жастағы футболшының өкілдері оның қызметін Қазанның «Рубин» және «Краснодар» клубтарына ұсынғаны хабарланған еді. Алайда Eurasia Football мәліметінше, Рахмоналиевтің өзі Ресейге қайта оралғысы келмейді. Сонымен қатар әзірге ресейлік клубтардан ресми ұсыныс түспеген.

2023–2025 жылдары өзбекстандық футболшы «Рубин» сапында өнер көрсетті. Кейін жалға алу шартымен «Сабахқа» ауысты. 2026 жылдың қаңтарында Әзербайжан клубы оның трансферлік құқығын толық сатып алды. Қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Өткен маусымда Рахмоналиев Әзербайжан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. Ішкі турнирлерде 34 матч өткізіп, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.