E тобындағы кездесу италиялықтардың пайдасына 6:0 есебімен аяқталды.
Жетінші минутта есепті Федерико Крочи ашты. 15-минутта ол екінші голын соқты, ал 34-минутта Диего Перильо өз командасының басымдығын үш допқа жеткізді. 43-минутта Ямайка қорғаушысы Джамари Нолан допты өз қақпасына жіберді. Үзілістен кейін 56-минутта Джоэле Джамматтеи гол соқты, ал 78-минутта Томмазо Корильяно түпкілікті есепті белгіледі.
Осылайша, Италия құрамасы E тобындағы алғашқы үш ұпайын жинады. Бұл төрттікте италиялықтар мен ямайкалықтардан бөлек, Өзбекстан мен Кот-д’Ивуар құрамалары өнер көрсетеді.
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19 қарашадан 13 желтоқсанға дейін Катарда өтеді. Жарысқа 12 топқа бөлінген 48 ұлттық құрама қатысады.
