Q Football

Шомуродов Батраковтың болашағы жарқын болатынын болжады

Шомуродов Батраковтың болашағы жарқын болатынын болжады

«Галатасарайдың» 21 жастағы жартылай қорғаушысы Түркия чемпионатындағы мансабын сәтті бастап, 13 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Өзбекстан мен Ресей құрамалары арасындағы жолдастық кездесу қарсаңында өзбекстандық команданың капитаны «РИА Новости» агенттігіне сұхбат беріп, жас футболшының мансабы туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша, Алексей қазір Түркияда өзін өте жақсы көрсетіп жүр. Барлығы, ең алдымен, өзіне байланысты. Ол болашақта Ресей футболының үлкен жұлдызына айналады деп ойлаймын», — деді Шомуродов.

Айта кетейік, Батраков 2026 жылдың тамызында мәскеулік «Локомотивтен» Ыстанбұл клубына ауысқан болатын.

12 қарашада Өзбекстан мен Ресей құрамалары Ташкентте кездеседі.