Q Football

Орталық Азия футбол басшылары 2032 жылғы Азия кубогын АФК-мен талқылады

Орталық Азия футбол басшылары 2032 жылғы Азия кубогын АФК-мен талқылады
AFC

Орталық Азия футбол қауымдастықтарының басшылары АФК президентімен кездесті. Олар 2032 жылғы Азия кубогын Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда бірге өткізу бастамасын талқылады.

Бұл бастама 2026 жылғы 17 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен АФК президенті шейх Салман бин Ибрагим Әл Халифаның кездесуінде көтерілген еді.

Кейінгі кездесуде тараптар үш елдің турнирді жоғары деңгейде өткізу жолдарын қарастырды. Олар ортақ өтінімге қажет құжаттарды дайындау мен жарысты өткізу жоспарын әзірлеуді де талқылады.

Сондай-ақ стадиондар мен басқа нысандарды халықаралық талаптарға сай дамыту жайы сөз болды. Кездесу соңында тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.