Q Football

«Лугано» «Грассхопперді» жеңіп, көшбасшылығын нығайтты

«Лугано» «Грассхопперді» жеңіп, көшбасшылығын нығайтты
© Getty Images

«Лугано» Швейцария Суперлигасының 14-турында «Грассхопперді» өз алаңында 2:1 есебімен жеңді. Команда 2-орындағы «Янг Бойздан» 6 ұпай алда келеді.

21 қарашада «АИЛ Аренада» өткен ойынға алаң иелерінің қорғаушысы, Өзбекстан құрамасының ойыншысы Бехруз Каримов қатыспады. Ол сары қағаздарының санына байланысты матчты өткізіп алды.

51-минутта дос Сантос «Луганоны» алға шығарды. 71-минутта Бетткобер есепті теңестірді, ал 83-минутта Кастро алаң иелеріне жеңіс әкелді.

«Лугано» 37 ұпай жинап, көш басындағы орнын нығайтты. «Грассхоппер» 11 ұпаймен 10-орында қалды.