Q Football

Андрей Карпович «Ақтөбені» немесе «Ертісті» басқаруы мүмкін

Андрей Карпович «Ақтөбені» немесе «Ертісті» басқаруы мүмкін

Семейдің «Елімай» клубының бұрынғы бапкері командадағы жұмысын аяқтағаннан кейін көп ұзамай Қазақстан Премьер-лигасының екі клубынан ұсыныс алды. Бұл туралы AmanVIBE хабарлады.

45 жастағы маманға қызығушылық танытқан клубтардың бірі – «Ақтөбе». «Қызыл-ақтар» қазіргі бас бапкердің болашағына қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, алайда Карповичтің кандидатурасын үлкен ықыласпен қарастырып отыр.

Сондай-ақ бапкерді Павлодардың «Ертіс» клубы да өз қатарына қосқысы келеді. Жаңа маусым алдында клубта елеулі өзгерістер күтіліп отыр, ал Карпович бас бапкер қызметіне басты үміткерлердің бірі саналады.