Кездесуге Қаратаудан келген Бағдат Абдуллаев бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.
«Қайрат» мына құрамда алаңға шықты: Анарбеков, Мата, Кургин, Мартынович, Мрынский, Байбек, Оксанен, Мендонса, Юккола, Эдмилсон, Гуаль.
«Жеңістің» сапында алғашқы минуттардан Плотников, Тевзадзе, Хасейн, Шараванья, Адилов, Мартинс, Кпозо, Наумец, Адилио, Маделхан, Имнадзе ойнады.
Алаң иелері бастаманы бірінші таймда-ақ өз қолына алып, 20-минутта есеп ашты: Эдмилсон айып алаңының ортасынан асырылған допты баспен қақпаға бағыттады — 1:0. Үзілістен кейін «Қайрат» басымдығын нығайтты: 63-минутта Марк Гуаль бір-бірге шыққан сәтін голға айналдырды. Қорытынды есепті 86-минутта көзге түскен Луиш Мата белгіледі — 3:0.
Бұл жеңіс алматылықтар үшін қатарынан оныншы болды. «Қайрат» 57 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде бірінші орынға көтерілді, шымкенттік «Ордабасыдан» екі ұпайға озып кетті. «Жеңіс» 29 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.
