Шымкенттегі футбол академиясының жетекшісінің пікірінше, талдықорғандық команда соңғы нәтижелер мен айтылған сыннан кейін алаңға үлкен жауапкершілікпен шығады. Сондықтан бұл ойын алаң иелері үшін ерекше маңызға ие болмақ.
Сонымен қатар ол «Қызылжардың» да өз мақсаттары бар екенін айтып, тартысты матч болады деп болжады. Набиевтің пікірінше, кездесуде гол көп соғылмайды және командалар 0:0 немесе 1:1 есебімен тең тарқайды.
«Жетісу» мен «Қызылжар» арасындағы матч бүгін Талдықорғанда өтеді. Ойынның басталуы 18:00-ге жоспарланған.
