Ағылшын қанат ойыншысының айтуынша, ол көптен бері елеулі шектеулерді сезінбейді және ойнауға дайын.
- Жоқ, бұл шындық емес. Иә, менде жарақат болды - мүмкін, он жыл бұрын, - бірақ соңғы бірнеше маусымда мен әр матчта алаңға шықтым. Өзімді керемет сезінемін, физикалық тұрғыдан дайынмын, жақсы формадамын және осы жаңа сын-қатерді асыға күтемін, - деді Оджо.
Бұған дейін 2016 жылы футболшы ауыр жарақат алғаны - омыртқасының сынуы (жарығы) туралы ақпарат шыққан болатын. Осы жарақаттың салдарынан ол шамамен төрт айдай ойыннан тыс қалды. Сондай-ақ салдарынан дәрігерлер Оджоға жасанды газонда ойнауға кеңес бермегені, әрі бұл ҚПЛ алаңдарының ерекшелігін ескерсек, мәселе туғызуы мүмкін екені хабарланған.
