Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов кездесуді алғашқы минуттардан бастайды. Сонымен қатар 33 жастағы голкипер алаңға команда капитаны ретінде шығады.
Покатилов жуырда УЕФА Ұлттар лигасы аясында ұлттық құрама сапында екі матч өткізді. 13 қарашада Қазақстан Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберсе, 16 қарашада Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті. Қақпашы екі кездесуде де толық 90 минут ойнады.
Кездесу 20 қарашада Сумгайыт қаласындағы Мехти Гусейнзаде атындағы стадионда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.
Ойын алдында «Сумгайыт» он матчтан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Ал «Сабах» 21 ұпаймен екінші сатыда келеді.
«Сабахтың» негізгі құрамы: Стас Покатилов (к), Алексей Исаев, Аким Зедадка, Тимотеуш Пухач, Иван Лепиница, Ду Кейруш, Жуниор Алмейда, Ксандер Северина, Карлос Эдуардо, Эйден Маккарти, Кристиан Нвачукву.
