Q Football

Британдық журналист «Челсиді» Дастан Сәтбаевты жалға беруден қайтаруға шақырды

Британдық журналист «Челсиді» Дастан Сәтбаевты жалға беруден қайтаруға шақырды
©️DASTAN SATPAYEV

Джордан Рашворт лондондық клубтың қазақстандық футболшыны «Бернлиге» жалға беру шешімін сынға алып, бұл келісімнің қаншалықты орынды болғанына күмән келтірді.

«Сәтбаевта бәрі бар, тек шабуылдарды нәтижелі аяқтау жетіспейді. Команда мұндай жастағы ойыншыға сенім артпауы керек, бізге нәтиже қажет. Бұл жалға беру келісімінің еш мәні болмағаны анық. «Челси» оны кері қайтарғаны дұрыс», – деді журналист.