Q Football

Покатиловпен бірге ойнаған «Сабах» Әзербайжан чемпионатында тең түсті

Покатиловпен бірге ойнаған «Сабах» Әзербайжан чемпионатында тең түсті

Әзербайжан Премьер-лигасының 11-турындағы өз алаңындағы матчта «Сабах» «Шамахымен» 2:2 есебімен тең ойнады

Бакудің «Сабахы» 11-тур аясында өз алаңында «Шамахымен» кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Ойынның 17-минутында Карлос Эдуардо есеп ашса, 49-минутта Джой-Ланс Микелс алаң иелерінің екінші голын соқты. Қонақтар сапынан 27-минутта Оруй Маммадов мергендік танытты. Ал 61-минутта Рахман Дашдамироов өз қақпасына гол енгізіп, есепті теңестіріп қойды - 2:2.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Сабахтың» негізгі құрамында капитандық таңғышпен алаңға шығып, матчты толық өткізді.

11-турдан кейін «Сабах» Әзербайжан чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.