Q Football

Чесноков өнер көрсететін «Крылья Советов» «Оренбургтен» басым түсті

Чесноков өнер көрсететін «Крылья Советов» «Оренбургтен» басым түсті

Ресей Премьер-лигасының 14-туры аясында самаралық «Крылья Советов» өз алаңында «Оренбургті» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол 81-ші минутта Никита Салтыковтың орнына алаңға шықты.

14 турдан кейін самаралық клуб Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында келеді.