Q Football

Дастан Сатпаев жарақатын емдету үшін «Челсиге» оралды

Дастан Сатпаев жарақатын емдету үшін «Челсиге» оралды
Getty Images

«Бернли» жалға алған Қазақстан құрамасының шабуылшысы жамбас жарақатынан кейін лондондық клубта қалпына келуде. Оның алаңға қашан қайта оралатыны әзірге белгісіз

«Дастан Сәтбаев оңалтудан өту үшін «Челсиге» қайта оралды. Оның алаңға қашан шығатыны әзірге белгісіз», — деп хабарлады журналист Мэтт Скрафтон.

18 жастағы футболшы соңғы рет 24 қазанда «Бернлидің» «Линкольн Ситиге» қарсы матчында (1:4) алаңға шыққан болатын. Осыдан кейін ол клубтың Чемпионшиптегі үш ойынын және Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы екі кездесуін өткізіп алды.

«Бернли» келесі матчын 22 қарашада өз алаңында «Блэкбернге» қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.