Scout in Eurasia жобасының хабарлауынша, АПЛ клубының селекционерлері Шотландияда өтіп жатқан 2027 жылғы Еуропа чемпионаты (U-19) іріктеуінің екінші кезеңі аясындағы Қазақстан мен Бельгия жасөспірімдер құрамаларының кездесуіне баруды жоспарлап отыр.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақовтың ұлы саналатын 18 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы өткен жазда алматылық «Қайрат» жүйесінен түркиялық «Бешикташқа» ауысқан болатын. Ыстамбұлдық клуб сапында қазақстандық футбол тәрбиеленушісі U-19 командасында өнер көрсетеді. Бір қызығы, қазан айының соңында белгілі скаут Алекс Великих Qfootball басылымына берген сұхбатында Смақовтың өсу қарқынын Англия мен Италия клубтары жіті бақылап отырғанын атап өткен еді.
А лигасының А2 тобындағы Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы екінші тур матчы бүгін, 14 қарашада Шотландияның Камбернолд қаласындағы «Бродвуд» стадионында өтеді. Шағын турнирдің бастапқы кездесуінде Тимур Қасымовтың шәкірттері алаң иелері Шотландияға есе жіберсе (1:3), бельгиялықтар Косово құрдастарын тізе бүктірді (2:0).
