Q Football

Дастан Сәтпаев Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттерге күтпеген жерден қонаққа барды

Дастан Сәтпаев Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттерге күтпеген жерден қонаққа барды
©️Burnley FC

Жарақатынан айығып келе жатқан 18 жастағы форвард елшінің қатысуымен өткен және «Ұлы дала таңы» фильмі көрсетілген мерекелік кешке қосылды

Ұлыбританияның жетекші университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық жастар Халықаралық студенттер күнін ерекше мерекелік атмосферада атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz. Кеш бағдарламасында Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшісімен жылы жүздесу және «Ұлы дала таңы» тарихи кинотуындысының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Дастан Сәтпаев Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттерге күтпеген жерден қонаққа барды

Жиналған қауым үшін басты тосынсый Қазақстан құрамасы мен ағылшындық «Бёрнли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың келуі болды. Еске салайық, трансферлік құқығы лондондық «Челсиге» тиесілі 18 жастағы футболшы Чемпионшипте жалға алу негізінде өнер көрсетеді және қазір оңалту кезеңінен өтуде — қараша айының басында форвардтың санның артқы бұлшықетінің жарақаты қайта асқынып, соның салдарынан ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы ойындарына қатыса алмаған еді.