Q Football

«Оқжетпес» «Алтайды» ірі есеппен жеңіп, үздік үштікке көтерілді

«Оқжетпес» «Алтайды» ірі есеппен жеңіп, үздік үштікке көтерілді
@fcokzhetpes

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» қабылдап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті

Қонақтар матчты белсенді бастағанымен, алғашқы голды алаң иелері соқты. Бірінші таймға қосылған уақытта Владислав Васильев алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты.

Үзілістен кейін «Алтай» шабуылдарын күшейткен еді, бірақ екінші голды өз қақпасына жіберіп алды. Оралхан Өміртаев айып алаңына бағытталған пасты баспен сәтті аяқтады. Кейін Владимир Воменко мен Денис Митрофанов мергендік танытса, Өміртаев дубль авторы атанып, матчтағы соңғы нүктені қойды.

Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 33 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал 16 ұпайы бар «Алтай» соңғы орында қалып отыр.