Пап-Альюн Ндиайе суық қарумен қауіп төндіру дерегіне қатысты алғаш рет пікір білдіріп, дін-аман қалғанын растады. Легионер өзін сақтап қалғаны үшін Жаратушыға шүкіршілік айтып, қауіпті жағдайды дер кезінде бақылауға алған тәртіп сақшыларына ризашылығын жеткізді.
Жанжал 1 қараша күні Қайырбеков көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде тұтанып, футболшы мен турнирге келген 2007 жылғы екі жасөспірім арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Ұрыс-керіс барысында жастар пышақ шығарып, спортшыға қоқан-лоққы көрсеткенімен, оқиға дене жарақатынсыз аяқталды. Шақырту бойынша келген құқық қорғаушылар тәртіп бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
