Бұл туралы Telegram желісіндегі «YEDILOV online» арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Арнаның мәліметінше, «Қазақстан астық консорциумының» иесі, 46 жастағы Бахтияр Оспанов клубтың матчтарына қатысқанына қарамастан, оның жаңа қожайыны болмайды. Ал негізгі үміткерлердің қатарында RAAF Group құрылыс холдингінің жетекшілерінің бірі, кәсіпкер Дулат Жарлықапов бар.
Дереккөздің хабарлауынша, клубтың болашағына қатысты түпкілікті шешім жақын арада қабылдануы мүмкін.
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша «Астана» үшінші орынға ие болды. Бұл нәтиже елордалық командаға келесі маусымда еурокубоктерде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.
