Il Mattino хабарлауынша, италиялық ойыншы сол жақ сан бұлшық етін қатты созып алыпты. Осыған байланысты Вергара шамамен бір жарым ай көлемінде командасына көмектесе алмайда. Мұндай жағдайда ол «Манчестер Сити», «Сассуоло», «Лечче», «Брюгге», «Милан», «Фиорентина» және «Аталантаға» қарсы кездесулерге қатыспайды.
Антонио алаңға тек 3 қаңтар күніне жоспарланған «Пармаға» қарсы кездесуде оралады деп күтілуде.
Вергана – «Наполидің» төл түлегі. 23 жастағы хавбек осы маусымда он матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның Неаполь клубымен келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
