Q Football

«Рома» «Парманы» ірі есеппен жеңді, Мален төрт гол соқты

«Рома» «Парманы» ірі есеппен жеңді, Мален төрт гол соқты
© Getty Images

«Елордалықтар» Италия А сериясының 12-турында «Парманы» сырт алаңда 5:1 есебімен жеңді. Қонақтардың төрт голын Дониелл Мален соқты.

39-минутта Емануэле Луллидің пасын алған Мален айып алаңының ішінен дәл теуіп, есеп ашты. «Парма» 54-минутта қарымта қайтарды: Мариано Тройлоның пасынан кейін Неста Элфеж допты Миле Свилардың қақпасына жіберіп, есепті 1:1 етті.

68-минутта Мален екінші голын соғып, «Романы» қайта алға шығарды. Үш минуттан соң Родриго Мора қонақтардың басымдығын екі допқа жеткізді — 3:1.

Мален 77-минутта үшінші, 90-минутта төртінші голын соғып, матчтың соңғы есебін белгіледі.

Мален 2026 жылы А сериясында 26 гол соқты. Ол «Рома» тарихында бір күнтізбелік жылда 25 голдан асқан екінші ойыншы атанды. Бұған дейін Педро Манфредини 1960 жылы 26 гол соққан.

Парма — Рома 1:5

Голдар: Эльфеж, 54 — Мален, 39, 68, 77, 90, Мора, 71

Парма: Даффара — Дельпрато, Тройло, Фаббиан (Ордоньес, 65) — Бритшги (Диалло, 74), Сьерро (Николусси-Кавилья, 75), Кейта, Валери — Эльфеж (Де Мартис, 90), Карбони — Туре (Лонтани, 66)

Рома: Свилар — Манчини, Балерди (Ндика, 56), Эрмосо — Лулли (Франса, 55), Кристанте, Коне, Молина (Кульеракис, 82) — Дибала (Суле, 62), Мора (Пизилли, 83) — Мален

Ескертулер: Валери