Q Football

Кардинале: «Рабьомен келісімшартты жаңа жылға дейін ұзартамыз»

Кардинале: «Рабьомен келісімшартты жаңа жылға дейін ұзартамыз»

«Милан» қожайыны Франция құрамасының жартылай қорғаушысымен келіссөз жүргізіп жатқанын растады

«Адрьенді жақсы көремін. Менің ең сүйікті ойыншыларымның бірі. Біз келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмыз және жаңа жылға дейін бәрі сәтті аяқталады деген үміттемін»,— Джерри Кардинале.

Бұған дейін Николо Скира жаңа келісімшарттың 2030 жылдың жазына дейін жарамды болатынын жазған еді. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады. Ал Рабьоның бір жылда алатын жалақысы бонустарды есептемегенде алты миллион еуроны құрайды.

«Россонерри» Рабьоны 2025 жылы «Марсельден» 7,4 миллион еуроға сатып алған еді. Осы маусымда 31 жастағы хавбек 13 матчта бес гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Қос тарап арасындағы қазіргі келісімшарт 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды және оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.