Осылайша Римнің клубы небәрі 12 турда 36 гол соғып тастады. Мұндай лигада 1950/51 жылғы маусымнан бері болмаған. Ол кезде «Милан» мен «Интер» 38 гол соғып, рекорд орнатқан. Сондай-ақ «Ювентус» сол уақытта 37 гол ұрған.
30 ұпайы бар «Рома» турнир кестесінде екінші орында тұр. Келесі ойынын команда 25 қараша күні Чемпиондар лигасы аясында ПСЖ-ға қарсы өткізеді. Матч Париждегі «Парк-де-Пренс» стадионында болады.
