Q Football

2027 жылғы Қазақстан Суперкубогында «Ордабасы» мен «Қайрат» кездеседі

2027 жылғы Қазақстан Суперкубогында «Ордабасы» мен «Қайрат» кездеседі

Қазақстан кубогының иегері мен вице-чемпион Суперкубокты сарапқа салады

Журналист Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, матч 28 ақпан күні «Астана Аренада» өтеді.

Шымкенттің клубы кеше «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңіп, тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын иеленген еді. Осылайша «Ордабасы» биыл «алтын дубль» жасады.

Ал 30 турдан кейін 65 ұпай жинаған «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында күміс жүлдегер атанды.