Алматылық «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-Лигасының 19-турындағы орталық кездесуге бастапқы құрамдарын анықтады. Бәсеке Алматының Орталық стадионында өтеді және сағат 19:00-де басталады. Шиеленіс шырқау шегіне жеткен: оңтүстіктіктер 43 ұпаймен көш бастап тұр, ал алматылықтар 42 ұпаймен өкшелеп келеді.
Алаңға алғашқы минуттардан мына ойыншылар шығады:
«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Мартынович, Африко, Мрынский, Қасабулат, Оксанен, Мендонса, Гуаль, Жоржиньо, Бекболат.
«Ордабасы»: Шайзада, Антич, Малый, Килама, Амир, Аманович, С. Астанов, Капацина, Йонсен, Виера, Абагна.
