«Қайрат» кездесуді мына құраммен бастады: Анарбеков, Мата, Кургин, Мартынович, Мрынский, Байбек, Оксанен, Мендонса, Юккола, Эдмилсон, Гуаль.
«Тобылдың» бастапқы құрамында Бусурманов, Боршич, Ндиайе, Кавнич, Жагоров, Мякиш, Тағыберген, Герра, Талал, Лисакович, Милованович алаңға шықты.
Есеп 18-минутта ашылды: Урош Милованович пенальтиден дәл соқты - 0:1. «Қайрат» 40-минутта Марк Гуальдың голымен таразы басын теңестірді. Дегенмен үзіліске дейін Милованович тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль жасады - 1:2.
Екінші таймда алматылықтар алға ұмтылғанымен, 63-минутта Виталий Лисакович үшінші голды соқты. Ал 80-минутта Луис Герра матчтың нүктесін қойды - 1:4.
Осы нәтижеден кейін «Қайрат» 57 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. «Тобыл» 34 ұпай жинап, жетінші орынға көтерілді.
«Қайрат» - «Тобыл» 1:4 (1:2)
Голдар: Милованович (пенальти) 18 (0:1), Гуаль 40 (1:1), Милованович 44 (1:2), Лисакович 63 (1:3), Герра 80 (1:4).
