Zidan4eg Live мәліметінше, футболшыға бірден бірнеше шетелдік клуб қызығушылық танытып отыр.
Үміткерлер қатарында Румынияның «Стяуа» клубы бар. Бұдан бөлек, Израильдің бір командасы қазақстандық шабуылшыны өз құрамына қосқысы келеді. Ал Оңтүстік Кореядан екі клуб Шушеначевті қатарына қосуды көздеп отыр.
Сонымен қатар футболшыға Қазақстан чемпионатында да сұраныс бар. Оның қызметіне «Астана», «Ордабасы», «Қызылжар» және «Оқжетпес» клубтары қызығушылық танытуда.
