Q Football

Харри Кейн 78 жыл бұрынғы рекордты қайталады

Харри Кейн 78 жыл бұрынғы рекордты қайталады

Англия құрамасының шабуылшысы Ұлттар лигасының 6-турындағы Испанияға (3:2) қарсы ойында пенальтиден мергендік танытты

Осылайша ол сырт алаңда жеті матч қатарынан гол соққан Англия құрамасы тарихындағы екінші ойыншы атанды. Алғаш бұл нәтижені Том Финни 1948 жылы тіркеген еді.

Алты ойыннан кейін 15 ұпай жинаған «үш арыстан» Испания, Хорватия және Чехияны артқа тастап, топта бірінші орын алды.