Маркус Рашфорд әлеуметтік желідегі парақшасында қоштасу жазбасын жариялап, «Барселонада» өткізген кезеңін ерекше ықыласпен еске алды. Оның айтуынша, бұл уақыт мансабындағы ең жарқын әрі ұмытылмас сәттердің бірі болды.
Футболшы клубқа, команда мүшелеріне және жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, жаңа маусымда табыс пен үлкен жеңістер тіледі. Жазбаға ол өз фамилиясы жазылған «Барселона» жейдесінің суретін қоса жариялады.
Рашфорд өткен маусымда каталониялық клуб сапында жалға алу келісімі бойынша ойнады. Ал оның трансферлік құқығы әлі де «Манчестер Юнайтедке» тиесілі.
