Бразилиялық қорғаушының айтуынша, алматылықтар матч басталғаннан-ақ жеңіске сенімді болған. Әсіресе қарсылас ойыншысы алаңнан қуылғаннан кейін команда келесі кезеңге өтетініне күмәнданбаған.
Африко футболшылардың бірнеше күн ішінде ауыр матчтар өткізгеніне қарамастан, жігерін жоғалтпағанын атап өтті. Оның сөзінше, үзілісте Рафаэль Уразбахтин ойыншылардан қарқынды күшейтіп, өз мүмкіндіктерін толық көрсетуге шақырған.
«Бас бапкер біздің бұдан да жақсы ойнай алатынымызды айтты. Бұл матчта жеңіп, мінез көрсетуіміз керек деді», — деді қорғаушы.
Сондай-ақ ол команда ішінде өзара сенімнің жоғары екенін айтып, бұл жеңіс бүкіл ұжымның еңбегінің жемісі екенін жеткізді. Африко әріптестерін маңызды жеңіспен құттықтап, келесі кезеңге шыққандарына ерекше қуанышты екенін жасырмады.
Сөз соңында футболшы жеңіс үшін Иса Мәсіхке алғыс айтып, енді команда келесі ойынға дайындыққа кірісетінін мәлімдеді.
Еске салсақ, «Қайрат» «Омонияны» негізгі және қосымша уақыттағы 1:0 жеңісінен кейін пенальтилер сериясында 6:5 есебімен тізе бүктірді. Осы нәтижемен алматылық клуб ӘЧ-нің үшінші іріктеу кезеңіне өтіп, Қазақстанға кем дегенде еурокубоктардың негізгі кезеңіндегі жолдаманы қамтамасыз етті.
