Q Football

Скотт Манн: «Арне Слот «Ордабасыға» келмейді»

Скотт Манн: «Арне Слот «Ордабасыға» келмейді»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн Арне Слоттың «Ордабасыны» жаттықтыруы мүмкін екені туралы сыбысты жоққа шығарды

«Арненің әлемдегі үздік бапкерлердің бірі екенін білемін. Бірақ Слот «Ордабасыға» келмейді. БАҚ мәліметінше, ол «Ливерпульде» жылына шамамен 15 миллион доллар жалақы алған екен. Егер «Ордабасы» осындай жалақы ұсынып, оны көндіре алмаса Слоттың Қазақстанға келуі мүмкін емес нәрсе»,— деді Скотт Манн.

Бұған дейін «Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысқан еді. Оның тұсында Шымкенттің клубы биыл Қазақстан чемпионы атанып, Ел кубогын иеленді. Осылайша тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.

Слот мамыр айында «Ливерпульден» кеткеннен бері жұмыссыз жүр. Одан бөлек ол «Фейеноорд» пен АЗ-ні жаттықтырған.