Қазақстан чемпионатының екінші сатысында тұрған «Қайрат» «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең түсті. Осы нәтижеден кейін алматылық клубтың қалған турда көшбасшыны қуып жетуге математикалық мүмкіндігі қалмады.
Осылайша, соңғы турға дейін-ақ «Ордабасы» чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Шымкенттік ұжым үшін бұл – тарихындағы екінші чемпиондық атақ. Команда алғаш рет 2023 жылы Қазақстанның ең үздігі атанған еді.
Келесі маусымда Андрей Мартиннің шәкірттері шілде айында басталатын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
