Ганалық қорғаушының айтуынша, Чехия чемпионаты ойын деңгейі жағынан Қазақстан Премьер-Лигасынан әлдеқайда мықты. Ал Молдова біріншілігімен салыстырғанда КПЛ бәсекелестігі жоғарырақ. Оның пікірінше, Молдовада негізінен «Шериф» үстемдік етеді, ал «Петрокуб» ғана оған лайықты қарсылық көрсетуге тырысып келеді.
Патрик Кпозо «Жеңіс» сапына биылғы маусымда, маусым айында қосылды. Бұған дейін ол Молдованың «Шериф», Чехияның «Баник», сондай-ақ Швецияның АИК және «Эстерсунд» клубтарында өнер көрсетіп, әйгілі бапкер Грэм Поттердің қол астында жұмыс істеген.
Гана құрамасының ойыншысы осы маусымда астаналық клуб сапында алты матч өткізді. Қазіргі таңда «Жеңіс» Қазақстан Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.
