Q Football

Браим Диас «Реал Мадридпен» жаңа келісімшартқа қол қойды

Браим Диас «Реал Мадридпен» жаңа келісімшартқа қол қойды
© Getty Images

27 жастағы Марокко құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшарт 2031 жылдың маусымына дейін есептелген, алайда «Реал» әзірге келісімшарттың ұзартылғаны туралы ресми түрде жариялаған жоқ

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар әлі шілдеде келісімге келіп, енді құжаттарға қол қойған. Ресми хабарландыру жақын арада жарияланады деп күтілуде.

2019 жылдың қаңтарында Диас «Манчестер Ситиден» «Реалға» 15 млн еуроға ауысқан болатын.Биылғы маусымда ол барлық турнирде тоғыз матч өткізіп, үш нәтижелі пас берді.