«Реал» шабуылшысы алаңға 79-минутта, есеп 1:1 болып тұрғанда шықты. 85-минутта ол Винисиус Жуниордың пасын баспен қақпаға бағыттады. Қақпашы допты қайтарғанымен, Эспи оны қайта теуіп, торға түсірді.
Бұл — 21 жастағы испандықтың мадридтік клубқа ауысқалы соққан төртінші голы. Төртеуін де қосалқыдан шыққан соң салды. Бұған дейін ол «Рома», «Эльче» және «Эспаньол» қақпасына гол соққан.
Эспи осы 4 голды қақпаға дәл тигізген 6 соққыдан кейін жинады.
